Қарағандыдағы шахтада қаза тапқан 14 кенші жерленді

Қарағандыда "Костенко" атындағы шахтада қаза тапқан 14 кенші жерленді. "АрселорМиттал Теміртау" ақпарат пен құрбандар тізімін растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тізімде жеке басы анықталған кеншілер көрсетілген:

  • Адампаев Ерболат Мұратұлы;
  • Шотаев Амангелді Мейрамұлы;
  • Мұсабеков Әсет Қанатұлы;
  • Жанзаков Айзат Айханұлы;
  • Алиякпаров Қуандық Серікұлы;
  • Кадиров Ринат Мубаракзянович;
  • Крайнов Олег Викторович;
  • Богатырев Илья Константинович;
  • Абилов Айбек Нұрғалиұлы;
  • Бобряшов Сергей Владимирович;
  • Шулевский Михаил Леонидович;
  • Петренко Владимир Ильич;
  • Крикунов Павел Александрович;
  • Магиев Жанболат Темиргалиевич.

Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал кеше қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз