Күн жылиды: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, өткен аптада солтүстікте қыстың ызғарыс сезіліп, қар жауды, ауаның орташа тәуліктік температурасы нөлдік белгіден төмен болды. Алайда жаңа аптада синоптикалық жағдай өзгереді. Атлантикалық циклондар әсерінен күн жылып, жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болжанады.

"Күндізгі ауа температурасы батыста 12-20 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 5-10 градус жылыға дейін, ал еліміздің шығысы мен оңтүстігінде суық фронт өтуіне байланысты түнде 0-5 градус жылыға дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 2-7 градус аязға дейін, күндіз 10-15 градус, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 0-5 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!