"Компотай" сусынының құрамында алкоголь бары рас па? ҚМДБ жауабы

Желіде "Компотай" сусынына қатысты дау шықты. Әлеуметтік желіде тараған видеода бұл сусын негізінен сыра екені айтылған. QMDB Halal стандарттау және сертификаттау мекемесі бұған қатысты ресми жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода ер адамдар "Компотай" сусынының мұқабасын ашып, оның ішінде 0,2 пайыз алкоголь сыра барын көреді. Ал "Халал Даму" өкілдерінің мәліметінше, сусын құрамында спирттің бар-жоғын анықтау үшін зертханалық талдау жасалған.

"Физика-химиялық және органолептикалық көрсеткіштердің салыстырмалы нәтижесіне сәйкес, "Shendy" құтысындағы "Компотай" сусынында спирт мөлшері  - 0.00 пайыз. Яғни, сусын құрамында спирт мүлдем жоғы анықталды", - делінген жауапта. 

Бұдан басқа, "Жигалма" ЖШС-нан ресми жауап алынған. 

"Хатта көрсетілген жауапқа сәйкес, кәсіпорын ыдыс жасауға арналған тайваньдық өндіріс машинасын сынау мақсатында  "Компотай" және "Ai Tea" алкогольсіз сусындар құтысының сынақ партиясын шығарады. Бұл ретте 0,45 литр "Shendy" алкоголь сусынының құтысы пайдаланылды. Алайда мамандар тарапынан болған қателік салдарынан сынақ өнімдері сауда орындарына жөнелтілген. Қазір кәсіпорын барлық сынақ өнімн сауда орындарынан қайтарып алып жатыр", - делінген жауапта. 

"Жигалма" кәсіпорынды алкоголь өнімдер шығармайды.  2022 жылы "Shendy" алкоголь өнімі шығарылымнан және сатылымнан алынған.

"Қорыта келе, "Shendy" құтысына құйылған "Компотай" сусынының алкогольсіз өнім екенін және мұның өндірістік процесс барысында жіберілген қателік екенінін хабарлаймыз", - деп жауап берді "Халал Даму" өкілдері. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз