"Шыдай алмай уксус іштім". Бала күнінде өгей әкесі зорлаған қыздың сұмдық оқиғасы

Желі қолданушысы заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишеваға басынан өткен жантүршігерлік оқиғасы туралы айтып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы заңгер Instagram-парақшасында айтқан. 

"Сіздің парақшаңызға жақында жазылған болатынмын. Неше түрлі тағдырды оқып менде өз оқиғаммен бөліскелі отырмын. Көптеген аналарға қыздарға сабақ болсын. Анам 4 жасымызда әкеммен ортасына енесі мен қайынапалары түсіп ажырасып кеткен. Менен кейін сіңілім болды, арамыз 2 жас. Содан нағашы әжелерім қабылдамай баста, ұрыс керіс болған соң анам қаңғып әр жерде жүрген бізді алып.

Солай бір кісімен танысқан, өзінен 23 жас үлкен. Отбасылы, өзінің 5 қызы бар. Сол көмектесіп, тұратын жер тауып беріп, ақыры жақын болып, мешітте неке қиып тоқалы болды. Анам ол кезде 24 жаста болған. Мүмкін жас болған соң шығар, әлде бізді асырау үшін бе әлде білмедім. Солай одан бір ұл бар. Айтпағым өгей әкем есімді білгелі тиісуді шығарды. Нақты неше жастан екенін білмеймін, бірақ түнде оянғанымда үстімде отыратын шешіндіріп, тығып жататын ауыртып. Солай солай өте уақыт өте берді. Мектепте жақсы оқып жүрдім. Ненің не екенін түсініп біліп жүрген кезім. Бір берші, астыңды ұстайыншы, бір тығайыншы деп мазамды алып жүрді. Солай бой жетіп жасым 15-ке келіп, колледжге түсіп, қалаға оқуға кеттім. Қасымдағы студент қыздардан түрлі әңгімені естіп, болашағым үшін қорқа бастадым шыны керек.

Колледжде де жақсы оқып жүрдім. 2 курсымда ауылға келгенде тиісе бастады, шыдай алмай уксус іштім. Түннің бір уағында анама "Сізді жақсы көремін" деп хат жаздым да қиналып жатып қалдым. Анам оянып кетіп, скорый шақырып, больницада біраз жаттым. Психолог бәрі келіп сөйлесті. Ешкімге ештеңе айта алмадым. Сіңілімнің өмірі үшін қорықтым. Одан 3 курс кезім сырттағы тастанды зданияға барып секіріп өлмек болдым.

Азаннан кеткеннен түстен кейін анам мен өгей әкем тауып үйге алып келді. Солай өгей әкем кетіп қалды. Анам жылап неге олай жасап жүрсің деп сұрап қайта-қайта. Жарылып кете жаздап "сіз кінәлісіз, неге сұрап тұрсыз, қыз емеспін, ешкімге керек емеспін" деп айқайладым. Неге кім тиісті деп ол жылап жатыр. Сіздің күйеуіңіз неше жылдан бері тиіскен деп айтып салдым. Анам есінен танып қалды. Бір есін жиып, жылай берді. Солай сіңлісі мен күйеу баласына звондап шақыртып алды.

Олар келіп не болғанын сұрап мән-жайды біліп, жездем өгей әкеме дым білмегендей звондап шақырып алды. Солай ол келді, анам оған айқайлап ұрып жатыр. Ол өтірік ауыш болып қой мен қызыма олай істемеймін, жала жауып тұр, өзі оқуда жүргенде біреумен жатып, қорыққаннан айтып тұр деп мойындамады. Жездем далаға шығарып алып ұрды. Әйтеуір басылды. Азанда барып ровд-ға арыз жазылды. Оны бірден қамауға алды, кәмелет жасқа толмағанның ісі болғандықтан мен ол кезде небәрі 17-де, сіңілім 15-те тұғын.

Қалаға сотқа барып арыз тастамақ болдым. Бірақ олар бүге-шүгесіне дейін сұрағанда аузыма құм құйылып жауап бере алмай тек жылай бердім. Содан олар сіңілімнен сұрақ алынып, соны тексертті экспертизамен қыз болып шықты бірақ денесінде іздері болған зорлықтың деген жауап шықты. 2-3 сот болды. Әйелі қыздары шу шығарып, жала жабылды деп бізге тас лақтырған сәттері болды. Бірақ сотта басымды тік көтеріп, бетіне қарап тұрып, бәрін айттым жылап тұрып, сотта таң қалып артық сұрақ ештеңе қоя алмады. Сонмен соңғы сотқа бізді кіргізген жоқ. Бірақ 10 жылға сотталды. Қәзір уже отырғанына 6 жыл болып қалды.

Бәрінен бұрын сіңіліме тиісіп үлгермегеніне қатты қуандым. Мен 18-ге толмай тұрмысқа шығып кеттім. Күйеуім өзімнен бір талай жас үлкен. Бірақ мені қатты жақсы көреді. Тұрмысқа шыққалы бетіме басқан емес. Қәзір 23-ке келдім жақында, екі ұлым бар, үшіншісін күтіп жүрміз. Қыз деп берді. Бір жағынан балдарымның тағдыры үшін қорқамын. Өгей әкем шығатын уақыт жақындаған сайын. Ал сіңілім де тұрмысқа шықты. Оныңда екі ұлы бар қазір. Өгейден қалған ұл да жұмыс істеп оқу оқиды. Соның ұлы болса да жек көрмей, туған бауырымыз ретінде жақсы көреміз. Ол да баста қиналып жылады, бірақ қәзір жек көреді оны. Айтпағым аналар қыздарыңыздың, ұлдарыңыздың болашағына балта шаппасаңыздар екен. Кімнің кім екенін білу қәзіргі таңда қиын. Анам да қателесті, бірақ бірден маған сеніп, сіңлімніңде өмірін құтқарып қалдық. Қәзір Аллаға шүкір деймін бақыттымын", - дейді оқырман.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз