"Еврейлерді іздеген". Дағыстандықтар Тель-Авивтен келген рейсті басып алмақ болған

"Еврейлерді іздеген". Дағыстандықтар Тель-Авивтен келген рейсті басып алмақ болған

Тель-Авивтен рейс келетінін естіген ер адамдар Махачкала әуежайында тәртіпсіздіктер жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Telegram-арна мәліметінше, жергілікті тұрғындар Махачкала әуежайының қоршауларын қиратып, еврей халқын іздеген. Әуежайға кіреберіс жолда Палестина тулары ілінген. Тәртіпсіздікті ұйымдастырғандардың жартысы ұшу-қону жолағына шығып алған. 

Baza мәліметінше, төрт адам зардап шеккен, тағы бір адам қоршаудан секіремін деп аяғын сындырып алған. Оны жедел жәрдем алып кеткен. 

Дағыстандықтар әуежайдың алдында митинг жасаған. Тәртіпсіздікті ұйымдастырғандармен Дағыстанның ұлттық саясат жөніндегі министрі Энрик Муслимов және жастар жөніндегі министр Камил Саидов сөйлесіп жатыр. 

Тәртіпсіздіктерге байланысты Махачкала әуежайы жабылған. Жағдай реттелгенше әуежай жабық болады. Оқиға орнында тәртіп сақшылары да бар. Соңғы мәліметтер бойынша оқиға салдарынан он адам зардап шеккен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина