Алматыда тұрғындарға ауаның ластану деңгейі бойынша ескерту жасалды

Алматыда тұрғындарға ауаның ластану деңгейі бойынша ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев.

Алматыда тұрғындарға ауаның ластану деңгейі бойынша ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамы бойынша қалада 29 қазанда, яғни бүгін ауа ластануы, қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Ауа райы атмосферада ластаушы заттар жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттар жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Бұл кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 28 қазанда елдің бірнеше өңірінде жауын-шашын мол түсіп, қар аралас жаңбыр жауатынын болжаған еді. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман күтілетіні, бұл жағдай Алматыда да байқалатыны айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова