Шымкентте тұрғындар қонақүйде "интим қызметі" ұсынылатынын айтып шағымданды

Шымкентте тұрғындар қонақүйде "интим қызметі" ұсынылатынын айтып шағымданды
Фото: otyrar.kz

Шымкентте тұрғындар қонақүйде "интим қызметі" ұсынылатынын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қонақүйдің терезелері пәтерлердің терезелеріне қарама-қарсы орналасқан, сондықтан іштегі көрініс айқын көрінеді. Тұрғындардың сөзінше, ғимарат тұрғын үйге тым жақын орналасқан.

"Олардың бөлмелерін желдету үшін терезе ашуға мүмкіндігі де жоқ, өйткені айғай, ұрыс - бәрі естіледі. Бізге ТЖ жазбаша түрде жауап берді: ғимарат бір-бірінен 6-15 метр қашықта орналасуы керек, құрылыс нормалары бойынша бұл 10-нан 20 метрге дейін болуы қажет. Ал бұл жерде нормаларға сәйкес келмейді әрі адамдар зардап шегеді", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Майя Ташпулатова.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бірнеше жылдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырған, қала басшыларының қабылдауында болған, бірақ нәтиже жоқ.

Жергілікті әкімдік өкілдері қонақүй иелерінің қолында өздерінің құқығын қорғайтын құжаттары барын мәлімдепті. Бірақ кейін олар бірнеше ай ішінде ғимараттың жұмысын өзгертуге, оны жоюға уәде берген.

"Тұрғындардың шағымдары негізінде сараптама талдауы мен қорытындысын жасадық. Осы қорытындыларды тексеруге құқығы бар сараптамалық ұйымдардың палатасына бердік", - дейді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Мамырбеков.

Жергілікті тұрғындар бұл мәселе жақын арада аяқталады деп үміттенеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова