Ақтауда 80-ге жуық жасөспірім төбелескен

Фото: Видео кадры

Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелескен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada-ға сілтеме жасап.

Оқиға 27 қазанда түн ортасында болған. Жанжал 2-ші және 28-ші ықшамаудандағы жасөспірімдер арасында болған.

"Жарияланған видеода бөтелкелер, қолдан жасалған жарылғыш заттар мен отшашулардың жол бойымен ұшып бара жатқаны көрсетілген. Қатты айқай естіледі", - дейді басылым.

Ақтаулық тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл дерекке байланысты полиция бөліміне 15-18 жас аралығындағы 76-дан аса адам жеткізілген.

Кәмелетке толмаған 56 баланың заңды өкілдеріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабы "Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полицейлердің айтуынша, ауруханаға қоңыраулар түскен жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек