Қарағандыдағы шахтада жарылыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артты

Қарағандыдағы шахтада жарылыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артты
Фото: facebook.com

Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағандыда шахтада болған жарылыс кезінде 11 адам қаза тапқанын айтты. Тағы 18 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам қаза тауып, 18 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл - таңғы сағат 09:00-дегі ақпарат.

Қаза болған кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деді Бөлекпаев Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

"Мен шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Біз сіздермен қиын күндерде бірге боламыз және қолдаймыз", - деп қосты Ермағанбет Бөлекпаев.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысындағы шахтада жарылыс болып, 7 адам қаза тапқаны хабарланған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек