Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолымен өтудің режимі белгіленді

Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолымен өтудің режимі белгіленді
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құлаған тастардың зардабын жою бойынша жүргізілген жұмыстарға қатысты "Медеу-Шымбұлақ" автожолымен өтудің режимі белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 1 қарашада аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен такси жүргізушілері кіре алады, сондай-ақ жаяу жүргіншілер үшін келесі сағаттарда кіру қолжетімді болады: 09:00-ге дейін, 12:00-ден 14:30-ға дейін және 18:00-ден кейін.

Аспалы жол іске қосылғаннан кейін (1 қарашадан бастап) электр көліктері мен такси жүргізушілеріне сағат 09.00-ге дейін және сағат 18.00-ден кейін кіруге рұқсат етіледі. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі кезеңде техникалық қызметтердің арнайы көлігі үшін тек кіруге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Оның өзгергені туралы қосымша хабарланады.

Еске салайық, 25 қазаннан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолындағы құлаған тастарға қатысты жұмыстар басталған еді. Қазіргі уақытта автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеулі.

Жоба аясында құлаған тастарды төмен түсіру және барьерлерді (кедергілерді) тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың негізгі түрлері (беткейлерді бұрғылау және нығайту) келесі жылға жоспарланған. Бұдан басқа, 2024 жылғы көктемде нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан