Екібастұзда аялдамада тұрған әйелді қаққан автобус әрі қарай жүріп кете берген

Екібастұзда аялдамада тұрған әйелді қаққан автобус әрі қарай жүріп кете берген
Фото: polisia.kz

Екібастұзда аялдамада тұрған әйелді автобус қағып кетіп, әрі қарай кете берген. Жарақат алған әйел аруханада жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз полициясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

26 қазанда Zhong Tong маршруттық автобусын жүргізуші жол ережесін сақтамай, аялдамада көшеде тұрған әйелді соғып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші әрі қарай жүріп кеткен.

"Апат салдарынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. ЖКО фактісі бойынша полиция тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан