"Қара мысық". Өзбекстанда жантүршігерлік тренд пайда болған

"Қара мысық". Өзбекстанда жантүршігерлік тренд пайда болған
Фото: pixabay.com

Өзбекстанда Хэллоуин мерекесінің қарсаңында қара мысықтарға сұраныс артқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы жергілікті Telegram-арналарда хабар тараған. Елде 31 қазанға дейін қара түсті мысықтарға сұраныс артатын көрінеді.  

1 қарашаға қараған түні жантүршігерлік әртүрлі жоралғы жасау керек деп сенетіндер де бар. Соның бірі - қара түсті жануарды құрбандыққа шалу. 

Жергілікті Telegram-арналарда қара түсті жануарларды сыртқа шығармау, оларды сатпау туралы үндеулер жарияланған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина