Төреғали Төреәлі "Үкіметтің адамы" ма? Әншінің өзі не дейді?

Әнші Төреғали Төреәлі өзін "Үкіметтің адамы" деп айыптаған Желі қолданушысының пікірін жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші TikTok-тағы бір видеоның астындағы Желі қолданушылырдың пікірін скриндеп жариялаған.

Онда Толян есімді қолданушы "Төреғали өкіметтің адамы ма деген сұрақ, егер шын жауап берсе" деп жазған, ал бұған оған 939APK13 атымен тіркелген тағы бір адам "Айдан анық қой ол" деп жауап берген. Толян есімді қолданушы "Иә, өйткені Қазақстанда бір шу болып жатса, осы кісілер адамдардың назарын аударып, ұмыттырғысы келеді" деп қайта пікір жазған.

Ал Төреғали Төреәлінің өзі "Сіз де солай ойлайсыз ба?" деп оқырмандарына сұрақ қойған.

Қазірге дейін дауыс бергендердің 65 пайызы "жоқ" деген жауапты таңдаса, 35 пайызы "иә" деп жауап берген. 

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлінің қорғаушысы Эльнура Кішкенебаева әншінің есірткіге тәуелділігі жоқ екенін айтқан еді.

"Бізде үш сағаттай уақыт болды. Біз Төреғали Төреәлінің қайда екенін білмедік. Біз оны іздеп жүргенде біраз уақытымыз кетті. Ал ол кезде өздері жалған сараптама тағайындап қойғанын білдік. Бірақ біз қанға сараптаманы қайта тапсырып шықтық. Ол кезде қан құрамында ешқандай есірткілік заттар болмады", - дейді адвокат Эльнура Кішкенебаева.

Ал оның алдында Төреғали Төреәлі көше сыпырып жүрген видеосын бөліскен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!