"Қазақмыс" Жезқазғандағы кеніште болған топтық жазатайым оқиғаға қатысты түсінік берді

"Қазақмыс" корпорациясы "Жыланды" кенішіндегі топтық жазатайым оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компанияның хабарлауынша, 24 қазан күні екінші ауысымда "Жыланды" кенішінің конвейерлік учаскесінің бастығы "Стакер" жетек барабанын апаттық жөндеуге алты қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген еді.

"Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады. Барлық алты қызметкер Жезқазған қаласының "медициналық орталығына" жіберілді", - делінген хабарламада.

Қазір екі қызметкер травматология бөлімінде, қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, ауырлық дәрежесі белгіленеді Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, мұның алдында Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жыланды" кенішінде өндірістік апат болғанын хабарлаған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!