Әнші Садраддин блогер досы Дархан Жолшыбековке 9 миллионның сағатын сыйлады

Танымал әнші Садраддин блогер әрі досы Дархан Жолшыбековке құны 9 миллион теңге тұратын сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші досына 8 миллион 827 мың теңгенің Rolex cағатын сыйға тартқан.

Садраддин бұл сыйлықты екі-үш ай бұрын уәде еткенін айтады.

"Осыдан 2-3 ай бұрын Дархан досыма уәде еткен сыйлығым бар еді. Бірақ ол сыйлық сол уақытта ойын ретінде айтылған сияқты ұмытылып кетті. Қазір Дархан келе жатыр, сыйлығымды табыстаймын", - дейді ол.

Сондай-ақ, блогер Дархан Жолшыбеков өзіне мұндай қымбат сый не үшін жасалғанын түсіндірген.

"Біреу түсінбеуі мүмкін. Алматыдағы концертінде жүгірдік, қолдан келген қолдауды бердік. Соған арнап, атап қойғанын ұмытып кетті деп ойламасын, ренжіп қалмасын деп хадия деп сыйлап жатыр. Ниеті ғой. Көңілін көрдім", - дейді блогер Дархан Жолшыбеков.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз