Шымкентте жоғалып кеткен 19 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Шымкентте жоғалып кеткен 19 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 қазанда Абай ауданының Полиция басқармасына хабар-ошарсыз кеткен жігіт туралы хабарлама түсті. Туыстарының айтуынша, 2004 жылы туған Ербол Ермұхамбет 13 қазанда сағат 00:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып, оралмаған. Қала тұрғынын іздеуге Шымкент Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған.

"Бойы 175-180 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа, қара. Ол көк спорт киімін, қара кроссовка, қара былғары күртеше киген. Оның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамнан 102 нөміріне хабарласу сұралады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!