iPhone 15 Pro алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

Фото: Видео кадры

Picodi Қазақстан сарапшылары iPhone 15 Pro (128 ГБ) бағасын қазақстандықтардың жалақысымен салыстырып, iPhone индексін есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kapital.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда 128 гигабайттық iPhone 15 Pro 714 990 теңгеге бағаланды, бұл былтырмен салыстырғанда 15 мың теңгеге қымбат. Әзірбайжанда, Грузияда және Өзбекстанда да телефон бағасы өсті. 

Қазақстандағы орташа жалақы, Ұлттық статистика бюросының соңғы ресми мәліметтері бойынша, 365 502 теңгені (салықтарды есептегеннен кейін 294 308 теңге) құрайды. Демек, iPhone 15 Pro сатып алу үшін орташа қазақстандық азамат осы күндер ішінде тапқан ақшасын жинап алған жағдайда 51 жұмыс күнін қажет етеді. Өткен жылғы «iPhone индексімен» салыстырғанда Қазақстанда қажетті жұмыс күндерінің саны 7,5 күнге қысқарды. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздегі орташа жалақы – 365 мың 502 теңге, салықтарды есептегенде қолға 294 308 теңге тиеді. Демек, iPhone 15 Pro сатып алу үшін қазақстандық азамат 51 жұмыс күн жұмыс істеуі қажет. 

Ал былтыр дәл осындай маркалы ұялы телефон алу үшін қазақстандықтар 58,5 күн жұмыс істеуі керек еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kapital.kz (@kapital.kz)

Еске салайық, бұған дейін Massaget.kz тілшісі жаңа iPhone-ның орнына не алуға болатынын есептеп көрген еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек