Роналду "МЮ" тарихындағы үздік 10 футболшы қатарына енбей қалды

Роналду "МЮ" тарихындағы үздік 10 футболшы қатарына енбей қалды

Ағылшынның FourFourTwo журналы "Манчестер Юнайтед" клубы тарихындағы ең үздік футболшылардың тізімін жариялады. Алғашқы ондыққа португалдық Криштиану Роналду енбей қалған. 

Басылым ақпараты бойынша "қызыл сойқандар" тарихындағы үздік футболшы – Бобби Чарльтон. Жуырда ғана дүниеден озған ойыншы манкуниандық клуб сапында 606 ойынға қатысып, 199 гол соққан. 

Одан кейінгі орында 1968 жылғы "Алтын доп" иегері Джордж Бест орналасқан. Үшінші орынға 12 жыл (1982-1994 ж) команда капитаны болған Брайан Робсон орналасқан. 

4 - орын — Эрик Кантона
5 - орын — Денис Лоу
6 - орын — Уэйн Руни
7 - орын — Райан Гиггз
8 - орын — Дункан Эдвардс
9 - орын — Петр Шмейхель
10 - орын — Пол Скоулз

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай