Түркістан облысында мемлекеттік нөмірлер қолдан жасалған

Фото: видеодан кадр

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден аса голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты.

Самара - Шымкент тасжолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар кезінде Нива көлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болуы мүмкін екеніне күмәнданған. Полицейлер тез арада әрекет етіп, көлік нөміріне қатысты жұмыстарды бастаған. Осылайша, олар көлік жүргізушісіне таққан нөмірінің басқа адамға тіркелгенін айтқан.

Кейін полицейлер Шымкент қаласында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасап жатқан цехты анықтап, оның иесі ретінде жергілікті тұрғынды ұстады.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 386-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Болған оқиғаның барлық жайы анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова