Талдықорғанда саяжайда жоғалып кеткен екі бала табылды

Талдықорғанда саяжайда жоғалып кеткен екі бала табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 қазанда түнгі сағат 01.38-де Талдықорған ҚПБ-ның ЖБО-на Алмалы саяжайынан екі кәмелетке жастары толмаған балалар үйден кетіп, қайта оралмады деген хабарлама түскен.

Бұл дерек бойынша Талдықорған ҚПБ бастығының нұсқауына сәйкес, арнайы топтар құрылып іздестіру жұмыстары жүргізілді. Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлерімен және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен жоғарыда аталған балалар анықталып ата-аналарына тапсырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!