ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің делегаттары қара жорға биледі

ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің делегаттары қара жорға биін биледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Делегаттар жаттығу кезінде қара жорға ұлттық биін билеген. 

Айта кетейік, Қара жорға - қазақ ұлттық би түрі. Қара жорға - бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға - қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!