Күрт көбейіп кетті: Ақтөбеде қызылша жұқтырған балалар ауруханаға сыймай жатыр

Күрт көбейіп кетті: Ақтөбеде қызылша жұқтырған балалар ауруханаға сыймай жатыр
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде қызылша жұқтырған балалардың саны күрт көбейіп кетті. Ауруханаға сыймаған науқастар енді қосымша орталыққа жатқызылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы инфекциялық ауруханаға қызылшамен ауырған балаларды қабылдамай жатқанына бір аптадан асты. Себеб, мұнда орын жоқ. Бұрынғы туберкулез дертіне шалдыққандарға арналған "Шағала" шипажайынан сексен орындық арнайы орталық ашқан еді. Оның өзі айналдырған 4-5 күнде кішкентай науқастарға толып кеткен. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасындағылар тағы 50 адамға арналған төсек-орын дайындамақшы. Қазір көрпе-жастық пен керуеттерін жеткізіп жатыр. Дәрігерлер бұрын қызылшаның жаппай таралуы тіркелмейтін дейді. Соңғы жылдары екпеге қарсы ата-аналар көбейіп, енді соның кесірі тиіп жатқанын айтады.

"Профилактикалық егудің дер кезінде алса, біз ауруды тоқтата алатын едік. Қазіргі таңда жағдайды ескере отырып, қызылша тіркелген соң, стационарлық 211 керуеттің 91-і аудандарда, 120-сы "Шағала" санаториясына жіберілді", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина