Yeski taspa: Республика күніне орай ескі әнұран жаңаша орындалды

Yeski taspa: Республика күніне орай ескі әнұран жаңаша орындалды
Фото: видео кадры

Астанада ORTA Community көпфункционалды кеңістігінде YESKI TASPA жобасының арнайы шығарылымының тұсаукесері өтті.

Үшінші маусым басталмас бұрын іс-шара "Jaralğan namystan qaharman halyqpyz" ескі әнұранын қайта еске түсіруге және оның әнге қалай айналғаны жайында болды.

Әнді жас әнші Аружан Асқарқызы (Arrumus) орындады.

Шығарылымның тұсаукесері алдында Республика күніне және еліміздің мемлекет ретінде қалыптасу жолындағы маңыздылығы жайында шағын фильм көрсетілді:

YESKI TASPA жобасының директоры және продюссері Асхат Баянов: "Біз елімізде болып жатқан барлық оқиғаларға аса сезімталдықпен қараймыз және олардың барлығы жалпы тарихымыздың маңызды құрамдас бөліктері деп білеміз.

25 қазан – еліміз үшін айтулы күн, себебі осы күні тәуелсіздікке алғашқы қадам жасалды.

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының маңызды үдерісі еліміздің тұңғыш ресми әнұранымен қатар жүрді. "Ескі таспа" ұжымы көпшіліктің, әсіресе жастардың ескі әнұран туралы білмейтінін, естімегенін анықтады. Бұл тарихи маңызды еңбек. Оны да, оның жасалуына үлес қосқан ұлы тұлғаларды да еске алуды жөн көрдік. Оның жолдары Қазақстан халқының тәуелсіздік үшін күресіндегі ауырлығын және жаңа бостандық қуанышын көрсететін терең символизмге толы".

Д. Шәріпхан