93 жастағы Бибігүл Төлегенова қазақстандықтарды құттықтады

Опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенова қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

93 жастағы Бибігүл Төлегенова Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, баршаға құт-береке тіледі.

"Қадірлі, құрметті елім! Халайық, бүгін сіздерді Республика күнімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, құт-береке тілеймін. Алла тағала бізді іштегі дау, сыртағы жаудан сақтасын. Неше түрлі жыртқыш ұрылардан сақтасын. Аман-есен болыңыздар. Біздің жастарымыз біздің көрген қиыншылықтың біреуін көрмесін. Ал енді бүгін, Құдайға шүкір осы бейбіт күнімізге, бізге қуанышты күнді өткізуге ешнәрсе бөгет жасамасын. Мен биыл 93-темін. Сіздерге Құдай тағала менің жасымды берсін. Тек қана қуанышты, табысты, абройлы күн берсін. Елімізде тыныштық болсан. Баршамыз осындай мерекелерде қуанышты қарсы ала берейік. Мерекеміз құтты болсын! Өмір-жасымыз ұзақ болсын!" - деді Бибігүл Төлегенова.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар Республика күнін тойлап жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатқаны айтылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!