Сарапшылар хош иісті шамдардың денсаулыққа қалай әсер ететінін айтты

Күз басталса кейбір адамдар үйдің атмосферасын жайлы ету үшін хош иісі бар шам сатып алады. Сарапшылар мұндай шамдардың біздің денсаулығымызға қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Негізгі қате түсінік - олардың теріс әсерін қатты асыра сілтеу. Дәрігерлердің сөзінше, басты қауіп - дұрыс пайдаланбау салдарынан өрт шығуы мүмкін.

Тыныс алуға әсер ету тұрғысынан хош иісті шам көптеген адамға айтарлықтай әсер етпейді. Дегенмен құрамындағы фитиль, бояғыштарға назар аудару керек.

Кейбір фитиль құрамында қорғасын бар. Жанған кезде ол қауіп тудырады. Сонымен қатар бояғыш пен бояулар канцерогенді болуы мүмкін. Сондай-ақ хош иіс аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.

Сарапшылар балама ретінде ешқандай қауіп төндірмейтін жарықдиодты шамдарды ұсынды. Егер хош иістің болғанын қаласаңыз, эфир майларын қолдануға болады.

Айта кетейік, бұған дейін имам туған күнде тортқа шам қойып үрлеуге болып-болмайтынын айтқан еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ең бай жұлдыз белгілері қандай?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!