Туған күнде тортқа шам қойып үрлеуге бола ма? Имам жауабы

Туған күнде тортқа шам қойып үрлеуге бола ма? Имам жауабы
Фото: pitersalut.ru

Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Асанов туған күнде шам үрлеуге бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрлан қажыға Желіде оқырмандары "туған күнде шам үрлеуге бола ма? Өз отыңды өзің өшіресің деген рас па" деген сұрақ қойған. 

"Бұл жерде от өшпейтін шығар. Бұл жерде басқа ұлтқа еліктеу мәселесі тұр. Өзіңіз елестетіп көріңізші, Абай атамыз 42-ге келгенде ағаштарды қойып, "үф" деп үрлеп жатса, Кенесары атамыздың балауыз шамдарын қойып үрлеп жатса, Жамбыл атамыз 99-ға келді, 95 шам қойып үрлесе не болар еді? Сондықтан әр туған күніңде қанша жақсылық, қанша жамандық жасағаныңды ойлануың керек. Біз туған күн келген сайын қуанамыз, бірақ шын мәнінде, туған күн келген сайын өлімге бір қадам жақындаймыз. Сондықтан шам үрлеп қуанба, Отаныма қалай көмек еттім, қандай ана болдым, қандай әке болдым деген сұрақ қоюың керек", - деп жауап берді Нұрлан қажы. 

@ardak.uagyz Соңына дейін тыңдаңыз , сізге өмірлік маңызды ой салатынына сенімдімін !?????? #нұрланимам #уағыз #islam #rek ♬ оригинальный звук - ?????.?????

Бұл туралы дінтанушы Абдусамат Қасым туған күнде тортқа балауыз шам жағу үрдісі грек халқына тән екенін айтады.

"Ертеректе гректер "Артемис" деп аталатын "Ай құдайына" арнап торт пісіреді екен де, үстіне балауыз шамдарды айналдыра жағады. Торттың домалақтығы - айдың домалақ символы болса, шетіндегі шамдар айдың жарығын еске түсіреді. Шамның түтіні сол жерде тілеген тілекті Ай құдайы Артемиске жеткізіп барады-мыс. Торттағы шамды көзді жұмып, іштей тілек тілегеннен кейін барып үрлеп өшіруіндегі мақсаты сол. Біздің қоғамда тортқа шам жағуды көбіне батыстағыларға еліктеп жасап жатады. Өйткені біздің салт-дәстүрде мұндай әдет кездеспеген. Сол себепті, қазақы дәстүрімізге және дінімізге жат әдеттерден бойымызды аулақ ұстаған жөн", - дейді ол.

Желі қолданушылары Нұрлан қажының сөзіне келісіп, түрлі пікір қалдырған. 

"Иә, дұрыс айтасыз. Ойландырып тастады", "Өте орынды", "Дұрыс айтып отыр", "Иә, еліктеу ғой. Оны ақтап алатындар да бар ғой", - деп жазған пікір қалдырғандар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек