Өскеменде 11 жастағы бала күтпеген жағдайда қайтыс болды

Өскеменде 11 жастағы бала күтпеген жағдайда қайтыс болды
Фото: Әлихан Сариев

Өскеменде 11 жастағы бала қайтыс болды. Расталмаған ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған бала тамаққа қақалып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға жайлы 23 қазанда белгілі болды. Әлеуметтік желілерде 11 жастағы бала, тамаққа қақалып қайтыс болғаны туралы айтылған хабарлама тарады.

"Кеше күндізгі сағат екіде бір бала жүзімге қақалып қайтыс болды. Ертең жерлеу рәсімі... Бала небәрі 11 жаста", - делінген жазбада.

Кенеттен баласы қайтыс болған отбасыға көмек көрсету үшін еріктілер қайырымдылық акциясын ашқан.

Денсаулық сақтау басқармасы кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын растады.

"Шынымен де облыс орталығында 11 жасар бала қайтыс болды. Алайда, өлімнің себебі әлі белгісіз, мұны сот-медициналық сараптама көрсетеді", - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан