Инсульттің алдын алуға көмектесетін диета

Инсульттің алдын алуға көмектесетін диета
Фото: Freepik.com

Флиндерс университетінің жаңа зерттеуі жерорта теңізі диетасының адамның жалпы денсаулығына әсерін анықтады. Ол талшықтарды, пайдалы майларды, дәрумендер мен аминқышқылдарын қоса алғанда, маңызды тағамдық компоненттерге бай, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 аптаға созылған экспериментте ғалымдар жүрек ауруы қаупі жоғары адамдардың микробиомасын талдады.

Тамақтанудың бұл түрі пайдалы бактериялардың санын едәуір арттырады. Олар қан қысымын төмендетеді және ішек жұмысына оң әсер етеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен байланысты зиянды бактериялардың азайған.

Кальцийі жоғары сүт өнімдерімен толықтырылған жерорта теңізі диетасы ішектің саулығына ықпал етуі мүмкін. Бұл жақсартулар жүрек ауруы мен инсульт қаупін азайтады.

Айта кетейік, бұған дейін білінбейтін инсульт белгілерінің тізімі хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Абылай хан шексіз билікке қалай қол жеткізді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә