Елімізде Республика және Қазақстан есімді қанша адам бар?

Елімізде Республика және Қазақстан есімді қанша адам бар?
Фото: Тengrinews.kz

Ұлттық статистика бюросы елде Қазақстан және Республика есімді қанша адам бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда Республика есімді адам жоқ.

Бірақ 31 адамға Казахстан немесе Қазақстан деген есім қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер адамдар. Олардың сегізі Ақмола облысында, жетеуі Қарағанды ​​облысында, бесеуі Астанада, үшеуі Қостанай облысында, екеуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден.
 
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатқаны айтылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан