Алматылық құтқарушылар қазақстандықтарды ерекше құттықтады

Алматылық құтқарушылар қазақстандықтарды ерекше құттықтады
Фото: Алматы ТЖД

Алматылық құтқарушылар Қазақстан халқын ерекше құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматылық өртсөндірушілер мен құтқарушылар "25" саны пішінінде жаңа өрт сөндіру техникасын тізіп, Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады. Құттықтауды өрт сөндіру цистерналары мен жедел әрекет ету көліктері ұйымдастырды. "Алатау" театры алдында, "Алматы Арена" маңында қараңғы уақытта жарқыраған шамдары қосылған көліктер тізіліп тұрды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан