Қазақстанның Республика күні қай елдерде тойланады?

Мәдениет және ақпарат министрлігі Республика күніне арналған шаралар қай елдерде өтіп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 қыркүйекте Сақ-усун дәуірінің бірегей жәдігерлерін ұсынатын "Бір белдеу, бір жол" мәдени жәдігерлер мен археология саласындағы ынтымақтастық" халықаралық жобасының 10 жылдығына арналған көшпелі көрме өз жұмысын бастады. Көрме үш ай бойы "Тыйым салынған қала" мұражайында жұмыс істейді және 2024 жылдың 5 қаңтарында аяқталады.

Сондай-ақ, 20-26 қазан аралығында Бейжіңдегі қазақстандық кино күндері аясында "Қазақфильм" АҚ-ның 7 үздік отандық фильмі көрсетіледі.

Сонымен қатар, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің шақыруымен 22-28 қазан аралығында Вашингтонда "Қазақконцерт" әртістерінің гастрольдік сапары өтеді.

Еске салайық, Қазақстанда басты мемлекеттік мереке аясында 400-ге жуық іс-шара өтеді, оның ішінде 60-ы республикалық деңгейде, тағы 300-і облыстық деңгейде. Ауқымды мерекелік шаралар қарашаның ортасында аяқталады.

Республика күніне орай биыл елімізде қандай шаралар өтеді?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!