Шымкентте жаяу жүргіншілер жолында ер адамды көлік қағып кетті

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолында ер адамды көлік қағып кетті. Оқиға Арғынбеков пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Көлік бірден тоқтаған сәтте Toyota Camry жүргізушісі Chevrolet көлігінің артқы бамперіне соғылған. Тәртіп сақшылары жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!