Аягөз ауданында 150 орындық балабақша ашылды

Аягөз ауданында 150 орындық балабақша ашылды

Аягөз ауданының Аягөз қаласында 150 орындық балабақша ашылды. “Алтын Сақа” бөбекжай балабақшасының құрылысы 2021 жылы бастау алып бүгінде қолданысқа берілді. Жобаның жалпы құны 170 млн теңгені құрайды. Балабақшасының ашылуына аудан әкімі Қанат Әділбай қатысты.

- Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен 100% қамтамасыз етілуі тиістігін айтқан болатын. Аталған мәселені жолға қою бағытындағы іргелі істер ауданымызда сәтті жүзеге асырылып келеді. Соның дәлелі бүгінгі ашылғалы отырған балабақша. Бұл ретте балғындардың бақытты болашағына қамқорлық танытып демеушілік жасап отырған азаматтарға алғысымыз шексіз, - деді Қанат Әділбай.

“Алтын Сақа” бөбекжай балабақшасында 2-6 жас аралығындағы 6 топқа бүлдіршіндерді жинақтап, 22 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Айта кетейік аудан бойынша 11 балабақша бар. Оның 7-і мемлекеттік, ал 4-і жеке меншік болып табылады. Ол балабақшаларда 1862 бала тәрбиеленуде.

 

Абай облысының әкімдігі ұсынған материал

Massaget.kz