Атырауда байланыс не үшін нашарлаған?

Атырауда байланыс не үшін нашарлаған?
Фото: Ақ Жайық

Атырауда байланыс нашарлай бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Бүгін таңертеңнен бері қала тұрғындары Avtobus қосымшасы арқылы қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылай алмаған.  

Қоғамдық көлікте жол ақысын QR-код арқылы кейбір қолданушылар ғана төлей алған. Сонымен қатар, "ЯндексGo", "Индрайвер" және банк банкоматтары жұмыс істемеген. Басылым мәліметінше, бейресми ақпарат бойынша, байланыс митинг болады деген ақпаратқа қатысты қиындаған. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 24 қазанда Атырау облысында Activ, Kcell, Tele2 байланыс операторлары сағат 08.00 мен 12.00 аралығында техникалық себептерге байланысты жұмыс істемеген. Бұл байланыс операторларына кейбір қызметтер қолжетімсіз болған. Қазіргі уақытта бәрі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина