"Әркімнің өз ролі болған". Орал мен Ақтөбедегі дүкендерде есірткі сатылған

Құрамында сегіз адам бар қылмыстық топ Орал мен Ақтөбедегі дүкендер арқылы есірткі сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Полиция қызметкерлері Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі жеткізу арналарын жойды. Тәртіп сақшылары сегіз адамнан тұратын өңіраралық қылмыстық топты: Алматы, Шымкент, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарын жойды. Топ мүшелері Орал және Ақтөбе азық-түлік дүкендерінің желісі арқылы "көкнәр сабанын" өткізумен айналысты. Әркім өз ролі болған: ұйымдастырушы Шымкент тұрғыны болды, есірткі жеткізумен Алматы тұрғыны айналысты. Қалған қатысушылар есірткіні азық-түлік дүкендері арқылы сатқан", - дейді БҚО ПД өкілдері.

Полицейлер азық-түлік дүкенін тінту барысында есірткі, еріткіш салынған қораптар мен электрон таразыларды тәркілеген. Әр дүкенде шығын мен кірісті жазып отыратын кассалық журналы болған. 

"Жалпы 994 мөшек, еріткіш салынған 10 қорап, 5 миллион теңге, 4 қымбат жеңіл автокөлік және DAF жүк көлігі тәркіленді", - делінген хабарламада.   

БҚО Полиция департаменті бірнеше бап бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр:

Қылмыстық кодекстің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);

Қылмыстық кодекстің 218-бабы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)

Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз