"21,6 млрд теңге". Спорт журналисі Аслан Қаженов ұлттық қордан спортты дамытуға бөлінген қаржыға наразылық білдірді

Еліміздегі спортты қолдау мақсатында Самұрық қазына ұлттық қордан 21,6 млрд теңге бөлген. Бұл туралы спорт журналисі Нартай Аралбайға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов биыл ұлттық қордан спортты қолдауға өте көп ақша бөлінгенін жеткізді.

"Барыс хоккей клубы, Астана велоспорт, Астана футбол клубы және Астана баскетбол клубы соларға бөлінген ақша биыл артты. 21,6 млрд-қа жетті. Самұрық қазынаға айналып келгенде халықтың қалтасынан бөлініп жатыр. 21,6 млрд өте үлкен сома. Неге үлкен? Бұған дейін қателеспесем 17,9 болды. Ол кезде де айқайладық, себебі ол да үлкен сома. Биыл біз азайтамыз ба десек, керісінше қосып алып жатыр. Нақты айтылмайды, қаншасы клубқа кетіп жатыр, қаншасы айлыққа кетіп жатыр. Мен айтқан дәл осы төрт клубта қырық алты легионер бар. Шетелдіктер көп", - дейді спорт журналисі.

Сондай-ақ, спорт журналисі мемлекет тарапынан велоспортқа қыруар қаржы бөлінетіндігіне наразы екенін айтты.

"Велоспортқа бізде 5 млрд теңге бөлінеді. Бас менеджері Александр Винокуров келіп сол ақшаны алып кетеді. Меніңше, бұл қаржы бұл спорт түрі үшін тым көп секілді. Біз велоспортқа әртүрлі ақпарат көтеріп, пікір білдірсек сотқа береміз деп қорқытады. Мендегі ақпарат бойынша біздің қазақтың балалары бар. Велотрек тағы басқа да бірақ Винокуровтың құрамасы оларды қоспайды қатарға. Егер осындай ақша бөліп жатса, онда біздің балалардың құқығы бар шығар барып көруге", - дейді Аслан Қаженов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!