Қостанай облысында 9 жастағы баланың қолы шойын батареясына кептеліп қалған

Қостанай облысында 9 жастағы баланың қолы шойын батареясына кептеліп қалған
Фото: instagram.com/qostanai_tjd

Қостанай облысында 9 жастағы баланың қолы шойын батареясына кептеліп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қостанай облысының ТЖД-ға сілтеме жасап. 

23 қазанда сағат 21:15-те 112 қызметіне хабарлама келіп түскен. 9 жастағы баланың қолы батареяға кептеліп қалған. 

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу қоңырау шалған мекенжайға аттанды. Мамандар барлық қажетті шараны қолданып, күнбағыс майын пайдаланып баланың қолын босатқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек