Әсел Сәдуақасова Дубайға көшіп кетті

Әсел Сәдуақасова Дубайға көшіп кетті
Фото: видеодан алынған кадр

Актриса Әсел Сәдуақасова Дубайға уақытша көшкенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Мағжан екеуіміз көктемде, Балиде тұрғанымызда шешім қабылдадық. Біз күзде біраз уақыт Дубайда тұрамыз деп шештік. Міне, сол сәт те жетті. Бақыттымын. Күйеуімнің келгенін күтіп, өз үйімізді дайындап жатырмын", - деп жазды ол.

Ол сонымен бірге Дубайда жалдаған үйінен румтур көрсетті.

Еске салайық, бұған дейін актриса Әсел Сәдуақасова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында тойдан кейін болған сұмдық жайт жайлы айтқан еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан