25 қазанда ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді

25 қазанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік корпорация Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын мәлімдеді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 қазанда өз жұмысын бастайды.

Олар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!