Алматының бірқатар шағын ауданында суық су өшіріледі

Алматының бірқатар шағын ауданында суық су өшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны хабарлады.

26 қазан күні сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Жетісу ауданында, Ангарская (Серіков көшесіне дейін), Ратушный, Обская, Февральская, Қазыбаев көшелерінде (Серіков, Шілдехан көшелері), Алатау ауданында, Қарасу, Өжет шағын ауданында, Үлкен Алматы каналы мен Боралдай көшесіне дейінгі аралықтағы Солтүстік айналым көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.

"Суық су жаңа су құбырын іске қосуға байланысты өшіріледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!