"Бәсе" YouTube каналының авторларына іздеу жарияланды

YouTube-тегі "Бәсе" каналының авторлары Наталья және Айдос Садықовтарға іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ хабарлауынша, бұл тұлғаларға сот санкциясымен 23 қазанда Қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша іздеу жарияланған болатын.

Іздестіру жұмыстарын Алматы полиция департаменті жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 2014 жылы сот Наталья Садықованы қамауға алу туралы сырттай қаулы шығарған. Сол кезде оның үстінен адамға "сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады" деп жала жапты деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз