Павлодар облысында биыл ғана жөндеуден өткен мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті

Павлодар облысында биыл ғана жөндеуден өткен мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті
Фото: видеодан алынған кадр

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мәдениет үйінің директоры Сандуғаш Мұқанованың айтуынша, 2023 жылғы 23 қазанда ауа райының бұзылуынан және желдің күшеюінен Шолақсор ауылында мәдениет үйінің шатыры мен металлосайдинг зақымданған.

"Мәдениет үйінде биыл "ГрадСтройСервис" ЖШС күрделі жөндеу жүргізген", - дейді Сандуғаш Мұқанова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жалобы Павлодар (@zhaloby_pavlodar)

Бас мердігер ұйым 24 қазанда кепілдік міндеттемесі шеңберінде шатырдың және металлосайдингтің бұзылуын жою жөніндегі жұмысты бастайды және 14 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен біге Павлодарда екпіні күшті желден жұмыс істемейтін базар аумағында шатыр ұшып кетіп, екі автокөлік зақымданған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан