ҰҚК ірі есірткі зертханасын анықтады

ҰҚК ірі есірткі зертханасын анықтады

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен әрекеттесе Целиноград ауданында ірі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталды.

Тінту кезінде 40 келі синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып тәркіленді.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан