Мамандар жүрек ауруының алдын алуға көмектесетін сусынды атады

Мамандар жүрек ауруының алдын алуға көмектесетін сусынды атады
Фото: pixabay.com

Жапон ғалымдары жүрек жұмысына оң әсер ететін және жүрек-қан тамырлары ауруларынан қорғайтын, маңызды қоректік заттарға бай сусынды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі FitForFun-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар мәліметінше, жүрекке мұндай пайдасы бар - қызанақ шырыны. Жапон ғалымдары жүргізген зерттеуге 20 мен 74 жас аралығындағы 500-ге жуық адам қатысқан, олар бір жыл бойы тұздалмаған қызанақ шырынын ішкен.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, күніне бір шыны қызынақ сусынын күнделікті тұтыну қан қысымының жоғарылауын төмендетеді және қандағы холестерин деңгейін қалыпқа келтіреді. Мұның бәрі жүректің жағымды жұмысына әсер етеді.

Сонымен қатар, ғалымдар қызанақ шырыны А, С, К дәрумендері, фолий қышқылы, калий сияқты маңызды қоректік заттарға бай екенін айтты. Оған қоса қызанақтың құрамында антиоксиданттық қасиеттері бар және қабынудың алдын алатын фенол қышқылдары бар.

Өнімнің құрамындағы фолий қышқылы жүйке жүйесінің жұмысына оң әсер етеді, стресс пен жүйке бұзылыстарымен күресуге көмектеседі. Томат шырынын жүрек-қан тамырлары аурулары бар, гастритпен (қышқылдығы төмен), сондай-ақ анемиямен ауыратын адамдарға ішу ұсынылған.

Қызанақ шырынының басқа ағзаларға да пайдасы.

Қызанақ шырынында талшық, пектин, бета-каротин, витаминдер тобы (B1, B2, B5, B6, B9, C, K, H және PP) және көптеген минерал бар: калий, кальций, күкірт, йод және басқалар.

Сусын бүйректің жұмысын және ағзадағы зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді. Токсиндер мен бос радикалдардан арылуға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, қызанақ шырыны табиғи антиоксидант, ол денені қартаюдан қорғайды, яғни терімізді қатайтады және ылғалдандырады. Талшық иммунитетті нығайтуға көмектеседі және асқазан-ішек жолдарының жұмысына пайдалы әсер етеді.

Айта кетейік, бұған дейін қызанақты қандай көкөніспен қосып жеуге болмайтынын хабарлаған едік. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Республика күні қандай мереке?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә