Ақмола облысында жолдарды қар басты (видео)

Фото: видеодан алынған кадр

Ақмола облысында полицейлер қар басқан жолдарды видеоға түсіріп, жүргізушілерді сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен рота нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеген. Өйткені ауа температурасы күрт төмендеп, қар аралас жаңбыр жауып, жол қозғалысы қиындаған.

Ауа райы қолайсыздығына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілген.

Демалыс күндері өңірде 30-ға жуық көлік апаты болған, көліктерге зақым келген.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда сақ болуға, көлікті қысқа дайындауға кеңес берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова