"Құрметті құда". ДДСҰ басшысы Тоқаевты туысына теңеді

"Құрметті құда". ДДСҰ басшысы Тоқаевты туысына теңеді
Фото: Ақорда

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус конференция барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туысына теңеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана декларациясының қабылданғанына бес жыл және алғашқы медициналық-санитариялық көмек бойынша Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл толуына арналған халықаралық конференция барысында ДДСҰ басшысы өзін Қазақстанның бір бөлігі деп санайтынын мәлімдеді.

"Құрметті құда мырза, Президент Тоқаев. Құрметті министр Ажар Ғиният ханым. Құрметті министрлер, әріптестер, достар. (..) Сөзімді "қайырлы таң" деп бастағым келеді. Қазақстанға келу - үлкен мәртебе. Қазақстанды өз елім деп санаймын және Президент Тоқаев пен министр Ажар Ғиниятқа МСАК саласындағы көшбасшылығы үшін алғыс айтқым келеді. Осы конференцияны ұйымдастырғандарыңыз үшін көп рақмет", - деді ДДСҰ басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыға бейресми сапарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазақ тілін үйренетінін айтқаны хабарланған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова