"Кенеттен маневр жасамаңыз". ҚазАвтоЖол көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасады

ҚазАвтоЖол күн райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Осыған орай ҚазАвтоЖол өкілдері көлік жүргізушілерін ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруға шақырды.

"Ауа-райы жағдайын ескере отырып қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмау маңызды. Сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз. Жол белгілерін ескеріңіз. Республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды. Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы білуге болады. Қазіргі уақытта республикалық күре жолдар ашық. Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалған болатын. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, жел болмақ. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина