"Жаман зат үйретпеймін". Гүлзада Тұрлаш сынға қалған курсына қатысты пікір білдірді

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің жары, блогер Гүлзада Тұрлаш "Менің өмірім" бағдарламасында ел арасында сынға қалған курсына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің сөзінше, "Бақытты әйелмін" авторлық курсына сұраныс көп.

"Осы интервьюді қолданып, өте көп хейт кеткенін айтқым келеді. Өздеріңіз білетін шығарсыздар, мені көптеген адам Instagram парақшаларына салып кетті. Ішім ашитын жайттар бар. Қазақша аудиторияда сын көзбен қарағанды жақсы көреді. Ол шындық. Егер курсымды көріп, қателіктерім бар болса, ақыл ретінде айтатын болса, қабылдаймын. Курсымды алмай тұрып, көрмей тұрып мені сөгіп жатқан адамдарға айтқым келетіні, көпті көрмесем де көп білім алғаным бар. Кішкентай кезімнен бастап көп кітап оқимын, көп ізденемін, психологияны да зерттеп жүргеніме 4 жылдан асып кетті. Курсымның ең басты мақсаты - өмірде бір адамға жанұясын сақтап қалуға себепкер болсам, ол - мен үшін үлкен бақыт. Курсымда жаман зат үйретпеймін, көркем мінезділікке, әйел азаматының қалай дұрыс байланыс жасауына, қандай істер жасаса, қандай сөздер айтса, ер азаматпен жақсы байланыста болуына септігімді тигізгім келеді. Бір поток курсымды өткіздім. Өте көп қыз жақсы сөздерін жазып жатыр. Сынап жатқандар да көп. Бірақ сынға үйреніп қалған адаммын. ...Ең бастысы Алланың көзі түзу болсын. Мен ешкімді алдап жатқан жоқпын. ...Исламда да, дінімізде де бар. Адамның бір ауыз сөз балағаты о дүниеде амал дәптеріңе жазылады екен. Сын жазып жатқан кезде ойланыңыздар. Өйткені ақыретте бәріміз әрбір айтқан өсегімізге, әрбір айтқан балағат сөзімізге жауап береміз. Менен ешнәрсе кетпейді. Аллаға шүкір бақыттымын. Әрі қарай да жұмыс істейтін ойым бар. ...Сұраныс бар, әлі күнге өте көп қыз жазып жатыр", - дейді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!