"Жауын, көктайғақ, жел". Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында 23 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Түркістан қаласында 23 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метр.

23 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз облыстың шығысында аздаған қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 23 қазанда түнде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

23 қазанда Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Өскемен қаласында 23 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с

23 қазанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

23 қазанда түнде Павлодар облысында жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстік жартысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың басым бөлгінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 23 қазанда түнде жауын-шашын, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

23 қазанда Абай облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Семей қаласында 23 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с.

23 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

23 қазанда түнде Ұлытау облысының тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші секундына 15-20 метр күтіледі. Жезқазған қаласында 23 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

23 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні секундына 25 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Қарағанды қаласында 23 қазанда түнде көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

23 қазанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

23 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Көкшетау қаласында 23 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

23 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

23 қазанда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарда кей уақытта тұман. Батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 17-22 м/с. Қонаев қаласында 23 қазанда батыстан жел соғады кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

23 қазанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында, батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Талдықорған қаласында 23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метр.

23 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!