Балаларын шахматқа берсін. Мұхит Амантаев балаларды боқтағанына қатысты пікір білдірді

Бокс бапкері балаларды боқтаған әлеуметтік желідегі бейнежазбасына қатысты Нартай Аралбайұлы ютуб арнасына берген сұхбатында жауап, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Боқтау әрине дұрыс емес. Бірақ мен эмоционалды бапкермін. Егерде ата-аналар балалары боқауыз сөз естімейтін, көтені көгермейтін спортқа бергісі келетін болса, онда шахматқа берсін. Өйткені шахматта ешкім саған айқайламайды, боқтамайды, құйрығың көгермейді бір орында отырасың. Ешқандай физикалық қысым болмайды, - дейді Мұхит Амантаев.

Жақында ғана балаларға "қазақша сөйлеңдер" деген бапкерге жаңа қызмет ұсынылған еді. 

Айта кетейік біз бұған дейін бокс бапкерінің жол полициясы қызметінен не үшін кеткенін жазған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!